Меню KDT
«Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті


2022 жылы 17 наурыз күні 8-11 сыныптар арасында «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.  Таңғы сағат  8-де  оқушылар және сынып жетекшілер мектеп ұжымын, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарын  ыстық бауырсақпен және тәттілермен,  жақсы тілектер айтып қарсы алды. Оның барлығы сынып ата-аналарының ұйымдастырылуымен  өтті. Әрі қарай мерекелік іс-шара «Береке» ауылында жалғасты. Мектебіміздің үлкені, зейнеткер әжеміз Шойбекова Назира Есенкулқызы келіп, балаларға « Бесікке бөлу» рәсімін көрсетіп, әлди жырын арнады. Оқушылар өз кезегінде «Ерке сылқым» күйін, « Қара жорға», тәжік ұлттық биін билеп,  «Қазақы дәстүрлері-ай» әнін орындады. Мереке соңында дастарханан дәм татып,  ақсақалдан бата алдық.
 
 
 


Комментариев нет
407 просмотров
Автор: b0311skobilim
Добавлено: 17.03.2022 в 18:37

Возможно вас заинтересует...!