Меню KDT
"Наурыз-көктем мерекесі"


2022 жылдың 16 наурызында "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары 6 сынып оқушылары арасында "Наурыз-көктем мерекесі"атты ойын - викторинасын өткізді.

Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.

Осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың Ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін! Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын!

Ойын-викторина қорытындысы бойынша 1 орынды "Мейрам" командасы, 2 орынды "Наурыз"командасы иеленді. Құттықтаймыз!


Комментариев нет
242 просмотров
Автор: b0917skobilim
Добавлено: 16.03.2022 в 16:51

Возможно вас заинтересует...!