Меню KDT
Г.Б.Кабошева 9-11 сынып оқушылырымен «КӘСІПТІК БАҒДАР» бойынша кездесу ұйымдастырды

Бүгін мектеп психологі - Г.Б.Кабошева 9-11 сынып оқушылырымен «КӘСІПТІК БАҒДАР» бойынша кездесу ұйымдастырды. Оқушыларымызға алдағы уақытта үміркер ретінде өз жұмыстарын насихаттау бойынша төмендегідей оқу орындарының білікті мамандары сөз алып, оқушыларымызға болашақта оқу орындарына түсуге үлкен мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді.

- «Малик Габдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясы»;
- «Солтүстік Қазақстан Университетінің қарамағындағы Колледж»;
- «Жоғарғы Құрылыс-Экономикалық колледж»;
- «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж»
Жоғарғы оқу орындарының ұстаздарымен осындай кездесудің мақсаты - мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру. Оқушыларды,ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Оқушылар мамандықтарға деген қызығушылықтарын танытып, өз сұрақтарына жауап ала алды.
Жоғарғы оқу орнына түсетін үміткер оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Комментариев нет
486 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 15.03.2022 в 16:05

Возможно вас заинтересует...!