Петропавл қаласының білім бөлімі ұйымдастырған V "Әдеби мұра" жалпы білім беретін мекемелердің оқушылары арасында қазақ әдеби тілінің дамуына өз үлесін қосқан жазушылар шығармаларынан сахналық қойылымдар байқауына гимназиямыздың оқушылары қатысты. Ы. Алтынсариннің әңгімелері бойынша көрініс көрсеткен оқушылар ішкі сезімдерін жеткізе білу, өзі таңдаған бейнені аша білуі, сахна мәдениетін меңгеруі жағынан шеберліктерін танытып, жүлделі IIІ орынға ие болды. Оқушыларды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.С. Амиржанова. Жеңіс құтты болсын!



Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены