«Сөз өнері - дертпен тең»
Халқымыз «Сөз өнері - дертпен тең» деп бекер айтпаған. Әдемі, көркем сөйлеу адамның ақыл-ойының өлшемі. Сондықтан баланы кішкентайынан шешендікке баулудың маңызы зор. "әл-Фарабиә мектеп -лицейінің бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің алтын қазынам» атты ертегілер байқауы өтті. Білім мекемесінің 1, 2-сынып оқушылары бұл сайысқа ыждаһаттылықпен қатысып, ертегілерді мазмұндап, сахналық көрініс ұсынып, жиналғандарды өнерлерімен тәнті етті. Ал 3, 4-сынып оқушылары шешендік сөздерді мәнерлеп жатқа оқып, мағынасын түсіндіріп беріп, үлкендердің батасын алды. Қазақтың би, шешендерінің аталы сөздерін саңқылдатып айтып берген Сейітжан Аяулым, Өсер Мадина, Қайырбек Айғаным секілді оқушылар ұстаздарынан мақтау естіді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены