Меню KDT
"Кітап оқыған озар”

"Кітап оқыған озар”


"Кітап оқыған озар” деген тәмсілдің ақиқатына ақпараттық технология алға озған заманда анық көз жеткізе түстік. Қалай десек те, кітап ақылдың кені, білімді адамның бақыты үстем екені бәрімізге аян. "әл-Фараби" мектеп-лицейінің директоры Күлімкөз Қайырбайқызы жас ұрпақтың кітап оқуға ынта-ықыласын арттыру мақсатында кітапхананы заманауи үлгіде қайта жаңғыртқанын бұған дейін оқырмандарымызға сүйіншілеген едік. Қазіргі таңда жас оқырмандар саны өскені тіпті, қуанышымызды еселей түсті. Жақында “Ақниет” қамқоршылық кеңесінің төрағасы Талант Молдабаев және кеңес мүшесі Архат Жеңісұлы мектебімізге арнайы келіп, рухани мекенді аралап көрді. Құрметті қонақтар мектебімізге “Ұлы даланың әуендері” атауымен жарыққа шыққан дискінің 300 данасын тарту етті.


Комментариев нет
264 просмотров
Автор: b1416skobilim
Добавлено: 15.03.2022 в 08:56

Возможно вас заинтересует...!