Қараңғы қазақ көгінде күндей жарқырап, нұрлы сәуле шашуды армандаған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың: "Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге!" деген жыр жолдары Абай әлемі оқыған сайын көкірек көзіңді ашып, кеудеңді хикметке бөлейтін түпсіз мұхит, шексіз ғалам екенін айғақтайды. Абай Құнанбаев шығармаларын насихаттау, қарасөздері арқылы кейінгі ұрпақты ұлағатқа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған республикалық «Абайтану» пәндік олимпиадасының қалалық кезеңінде Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушылары да бақ сынады. Бұл олимпиадаға қатысуға екінің бірінің жүрегі дауаламайды. Өйткені бірнеше кезеңнен тұратын білім сынағында үміткерлер Мұқхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман эпопеясының мазмұны бойынша құрастырылған сократты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар қазақ тілі грамматикасынан берілген тапсырмаларды ауызша талдады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар ғана топ жарған сайысқа тек мықтылар ғана қатысты десек артық айтқандық емес. Нақтылай түссек, 9-сынып оқушысы Ерсайнова Елдананың қарсыластарынан бағы үстем боп, жүлделі 2 орынды иеленді. Ал 10-сынып оқушысы Қабиденова Айнұр қанжығасына 3 орынды байлады.
22Алтыншы Орта Мектебі и ещё 21
Автор: b146skobilim
Добавлено: 12.03.2022 в 17:01