Наурыз мерекесінің алғашқы күні - Көрісу мерекесі.
Наурыз мерекесінің алғашқы күні - Көрісу мерекесі.

Бүгін елімізде Наурыз мерекесінің алғашқы күні - Көрісу мерекесі. Көрісу − ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның көрінісі. Бұл күн − «пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін күні. «Көрісу» дәстүрі қазақтың барлық жерінде болған, тек бертін келе отаршыл саясат дәстүрлі салтымызды халық жадынан ұмыттыруға тырысқан. ХХ ғасырда ел шұбырған аумалы-төкпелi заманда сан қазына түбiрiмен құрып, ұмытылып кеткені шындық. Көшпелі елдің көшін түзеп, ағайын араздығын жоятын бұл мерекенің мән-мағынасын кейінгі ұрпаққа ұғындыру − өнегелі істің арқауы болмақ. Сондықтан да бүгін әл-Фараби мектеп-лицейінде көрісу күніне орай бастауыш сынып оқушыларымен іс шара өтті. Көрісу күні қандай амалдар орындалады, бұл мерекенің мән-маңызы жайлы жан-жақты айтылды. Көрісу күні бұрын-соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс араздықты ұмытып, татуласып, табысады. Төс қағыстырып, мал-жанының амандығын сұрасып, қыстан аман-есен шыққандарына тәубе келтіреді. Қазақта ер адамдар мен әйел адамдардың төс қағыстырып амандасуы да ерекше. "Бір жасыңмен!", "Жасың құтты болсын!", "Жасың қайырлы болсын!" деп айтқан екен. Шарада осы жоралғылар да орындалды.
Автор: b1416skobilim
Добавлено: 14.03.2022 в 16:58