Меню KDT
Көрісу күні


Наурыз мерекесінің - ұлттық құндылықтарды насихаттап, ынтымақ пен берекені, татулық пен тағылымды дәріптеп, халқымыздың асыл дәстүрлерін жаңғыртуға үлесі зор. Сондықтан жас ұрпаққа ата-бабаларымыздан жеткен асыл мұраны өнеге ретінде ұсыну тамаша көрегендік. . Бұл күні − пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиеді. Бүгін Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих бірлестігінің мұғалімдері Көрісу күніне орай таңертең арнайы дастархан жасап, оқушылар мен ұстаздарға ұлттық дәмнен ауыз тигізіп, "Бір жасыңмен!", "Жасың құтты болсын!", "Жасың қайырлы болсын!" деп ілтипаттарын білдірді. 7 "Б" сынып оқушысы Еркеш Өмірұзақ қазақтың қара домбьрасымен мерекенің көрігін қыздырып, халық әндерін нақышына келтіре орындап берді. Балалар мен ұстаздар мәз-мейрам болысып, Наурыз тойының қуанышын сезіне алды.
 
 
 
 
 
 
 


Комментариев нет
239 просмотров
Автор: b146skobilim
Добавлено: 14.03.2022 в 16:58

Возможно вас заинтересует...!