Меню KDT
"Махамбет" оқулары


Қара халықтың қамы үшін қол бастап, қанды шайқасқа түскен, елінің тәуелсіздігі жолында құрбан болған ұлт батыры Махамбет Өтемісұлын бүгінгі ұрпақ ұмытпауы тиіс, керсінше ұлықтап жатса қандай ғанибет. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен ҮІ республикалық "Махамбет" оқулары өтті. Байқаудың "Ұлы дала ұрпақтары" аталымы бойынша бақ сынаған Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушылары еліміздің түкпір түкпірінен үміткерлер қатысқан байқауда жүлделі үшінші орынға ие болып, абыройлары асқақтады. Атап айтар болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Роза Қанатқызының, Дарима Маратқызының, Айгүл Ораққызының, Нурбек Сансызбайұлының және Меруерт Серікқызының өнерлі шәкірттері ұлы даланың ұлы перзенттерінің асқақ арманын өз қойылымдарына арқау еткен тағылымды сахналық көрініс ұсынды. Әділқазылар алқасы біздің оқушыларымыздың өнерін жоғары бағалады. Ар-намысқа берік, қайтпас ер, еліне мейірімді, оны қорғауға әрқашан дайын, артында өнегелі ісі қалған ұлт-азаттық көтерілістің белсенді мүшесі, басынан өткен ауыр әрі қауіпті оқиғаларға мойымайтын қайсарлық көрсетіп, өмірінің ақырына дейін азаттық үшін алысып өткен Махамбет Өтемісұлының өнегесін жас ұрпақтың абыроймен насихаттағаны бізге де зор мерей.
 
 
 
 
 
2Алтыншы Орта Мектебі и ещё 1
 


Комментариев нет
248 просмотров
Автор: b146skobilim
Добавлено: 14.03.2022 в 16:57

Возможно вас заинтересует...!