Елордалық оқушылар қоржынында 3 алтын және 1 күміс!
Математика және механикадан Ө. Жолдасбеков атындағы ХІІ Халықаралық зерттеу жобалары конкурсы 2022 жылдың 10-12 наурызында Алматы қаласында өтті.
Елорда құрамасы намысын 8 жобамен 11 жас зерттеушіміз қорғады.
Халықаралық жобалар конкурсының қорытындысы бойынша елордалық оқушылар 4 жүлделі орынға ие болды: І орын-3, ІІ орын-1, грамота-1.
Конкурс жеңімпаздарының ішінде біздің мектептің оқушылары үздік нәтиже көрсетті. Кеңесов Асқар мен Кеңесбеков Райымбектің командалық жобасы (#3 мг)-механика секциясы— І орын және алтын медаль. Елордалық жас дарындарды және олардың ұстаздары мен ата-аналарын жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!
Жетекшісі: Рахимжанова С.М.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены