Меню KDT
"Алып бәйтерек" әдеби кеші

Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Чистопол орта мектебінде жұмыс жоспарына сәйкес қазақ ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған "Алып бәйтерек" әдеби кеші өткізілді.


Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Чистопол орта мектебінде жұмыс жоспарына сәйкес қазақ ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған "Алып бәйтерек" әдеби кеші өткізілді. Ұйымдастыруға және кешті өткізуге қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Б.С.Алтаева, Г.Б.Исина, К.К.Султангазина, Э.О.Изтулина, Б.Н.Тасқынбай және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Ж.Ш.Даулетбек және А.Г.Харжевская қатысты. Шараның басында 8 "Б" сыныбы оқушылары Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны беттерінен басты жайттарды атап өтті. 7 "Б", 5 "Б" сыныптары оқушыларынвң орындауында екі тілде өлеңдері айтылды. Сондай-ақ 5, 7, 8 сынып оқушылары орындауында "Туған жер", "Атамекен әндері шырқалды. Әдеби кеш соңында А.Байтұрсыновтың өмірі тарихи фактілерінен "Кім тапқыр" викторинасы өткізілді. Магниттік мектептер аталған шараға Zoom конференциясы арқылы қатысуға мүмкіндік алды.


Комментариев нет
310 просмотров
Автор: b0933skobilim
Добавлено: 25.02.2022 в 15:17

Возможно вас заинтересует...!