Меню KDT
Халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдық мерейтойы


СҚО Білім саласындағы әдістмелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының 10 жылыдық мерейтой қарсаңында «Есімі - ел есінде» тақырыбында халқына еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері мен атақты жазушылардың есімі берілген білім беру ұйымдары арасында байқау ұйымдастырылған болатын. Мақсаты– ұрпақ тәрибесіне үлгі болар ұлы тұлғалардың игі істерін насихаттаумен қатар, өз мектебіне, ұстазына, мектепте қалыптасқан салт-дәстүр мен құндылықтарды дәріптеу. Халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдық мерейтойына орай аталмыш сайыста жазушы өмірі мен игі істері туралы бейнежазбамыз жүлдегерлер қатарында болғаны біз үшін үлкен мақтаныш. «Жастардың кейіп-тұлғалары үнемі іс үстінде көрініп салмақтары еңбекпен өлшенеді», – деп жазушы атамыз жас ұрпаққа жігерлі сөзінде айтқандай еңбектеніп, ісіміздің жемісіне бөлене берейік...
#Сафуан100жыл



Комментариев нет
226 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 10.03.2022 в 15:59

Возможно вас заинтересует...!