Меню KDT
Мектебімізде наурыздың 3-і күні «Бұрымды қыз» фото-көрме байқауы өтті

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын...- деп Абай атамыз жырламақшы, қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген.


Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын...- деп Абай атамыз жырламақшы, қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге деніміз мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу мақсатында мектебімізде наурыздың 3-і күні «Бұрымды қыз» фото-көрме байқауы өтті. Бұрымы ұзындар сайысына 0-4сынып оқушыларының арасынан 15 қыз суырылып шықты. Сайыстың аты айтып тұрғандай, қатысушылар шаш ұзындығы, қалыңдығы, күтімі бойынша және сәнді өрімдер бағаланды. Байқау нәтижесінде, қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі І-орынды 4 "Б" сынып оқушысы Мурзаханова Мадина ие болса, ІІ-орынды 4 "Ә" сынып оқушысы Дакенова Аружан, ал жүлделі ІІІ-орынға 2 «Б» сынып оқушысы Шапанаева Сания лайық деп танылды.


Комментариев нет
416 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 09.03.2022 в 14:19

Возможно вас заинтересует...!