“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі”

“ Адал ұрпақ” клубы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі” тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді. Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіну және терең пікір қалыптастыру мақсатында әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушыларына алдымен “Жемқорлық дегеніміз не?” тақырыбында бейнежазба көрсетілді. Оны тамашалағаннан кейін өскелең ұрпақ жемқорлықтың -жегі құрт, қоғамға зардабы зор кесапат екенін терең түсіне алды. Сонымен қатар шәкірттерге түрлі жағдаяттар беріліп, адалдыққа баулуға бағытталған ақыл-кеңестер айтылды. Соңында жеткіншектер адам бойында адамгершілік дағдыларды қалыптасыруға көмегі зор нақыл сөздер бойынша постер қорғады.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены