8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында мектебімізде «Көктем аруы - 2022» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.
Байқау 4 кезеңнен тұрды: «Сәлем – сөздің атасы», «Өнерлі өрге жүзер», «Білімді мыңды жығар», «Сәндік өнер».
Байқауға 5, 6, 7 сынып оқушылары қатысты. Сайыста аруларымыз білімдерін сарапқа салып, түрлі өнер түрлерін көпшілікке ұсынды. Мың бұрала билеген бишілер де, әуелете ән салған әншілер де, қарасөзден жыр маржанын төккен жыршылар да бүгінгі кештің көркін қыздыра түсті. Байқау қорытындысы бойынша 6 «Б» сынып оқушысы Әміреқұл Сымбат Бас жүлдеге ие болып, «Көктем аруы» атанды.