Ана - барлық өмірдің бастауы. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан дей келе мектебімізде 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Анамызға ән мен жыр» атты әндер сайысы бастауыш сыныптар арасында өтті. Мерекелік іс-шара «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» «Рухани Жаңғыру» бөлімінің қызметкерлері: Төлешова Гүлгүл Қуатқызы, Ахметова Нұргүл Қарасайқызы, Байбусинова Гулбақыт Турлыбекқызның қатысуымен өтті. Сайысқа қатысушыларымыз аналары мен әжелеріне, ару қыздарға ыстық сезім, алғыс пен құрметке толы әндерін орындап тебірентті. Келген қонақтар өз кезегінде көрермендерге қызықты сұрақтар қойып, сыйлықтарын таратты. Мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы әжелер, ардақты аналар, ару қыздар!!!
Автор: b146skobilim
Добавлено: 03.03.2022 в 09:16