Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейде 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық - мейірімділік бұлағы» атты тәрбие бөлімінің іс-шаралар жоспары аясында 6-сынып оқушыларына 📚 «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» 📚 жобасы бойынша Мұхтар Мағауинннің «Бір атаның балалары» атты шығармасы Қазақ тілі пән бірлестігі және жетекшісі Каржикова Дария Саметовнаның жетекшілігімен оқытылды. Жалпы шығарманы 6-сынып оқушылары толық оқып, іріктеуден өткен 135 оқушының ең көп балл жинаған 20 оқушысы ІІ кезеңге қатыстырылды. ІІ кезең 🌐https://www.learnis.ru/652410/ сілтемесі арқылы квест ойыны түрінде өтіп, сайыс нәтижесі бойынша
🏅бас жүлдені үздік шыққан 6 «з» сыныбының оқушысы Керимбекова Аяжан;
🥇І орын Әбдіреш Мирас 6 «з» сынып оқушысы;
🥈 ІІ орын Берікұлы Жігер 6 «з» сынып оқушысы;
🥉ІІІ орын 6 «и» сыныбының оқушысы Айтуған Медина иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Барлық қатысқан оқушыларға 🌟үздік болғандары үшін сынып жетекшілері тарапынан ынталандыру сыйлықтары таратылды.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены