№38 мектеп-лицейінде оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында 7 "Ғ" "Жас сарбаз" сыныбында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған "Ауған асуында от кешкендер" тақырыбында АӘД пән мұғалімі Кульбаев Серикжан Турехановичтің және сынып жетекші Жарасбаева Дариға Асқарқызының ұйымдастыруымен сыныптан тыс іс-шара өтті. Шараға Ауған соғысының ардагерлері: аға лейтенант, №44 орта мектептің АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Терсебаев Бахытбек Саякович, майор Алданазаров Болат Сагинбекович және №38 мектеп-лицейдің дене шынықтыру пән мұғалімі Құрманғазы Бекжан Жамбылұлы қатысып, оқушыларға тәуелсіздіктің қымбат, Отанның ыстық екенін айтып, білімді, ел қорғайтын патриот азамат болулары керектігін айтып, ізгі тілектерін білдірді. Шара барысында 10 сынып оқушыларға Шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктері салтанатты табысталды.
"Ауған асуында от кешкендер" тақырыбында"Ауған асуында от кешкендер" тақырыбында"Ауған асуында от кешкендер" тақырыбында"Ауған асуында от кешкендер" тақырыбында"Ауған асуында от кешкендер" тақырыбында"Ауған асуында от кешкендер" тақырыбында
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены