Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейдің 1"Ә" сыныбында Нурманбетова Күнсұлу Бейсенәліқызы Ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына арналған «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
⚜️Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру;
⚜️Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту;
⚜️Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерімен, әңгімелерімен таныстыру;
⚜️Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру; ⚜️Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу. Сынып оқушылары тәрбие сағатында өте ынталы қатысып, өлең шумақтарын арнап, бірге ән салды. Ыбырай аталарының әңгімелерін жатқа айтты. Жаман жолдас, Түлкі мен ешкі әңгімелерін тамаша сахналап өз өнерлерін көрсетті. Мектеп кітапханашысы Гүлнар Амангелдіқызымен де сұхбаттасып, өз сұрақтарын қойды. Кітап оқудың пайдасы мен кітапханаға келу мәдениетін үйренді. Сынып сағаты жоғары деңгейде өтті.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены