← Назад к новостям
«Мамандық таңдау - маңызды қадам» тақырыбында психологиялық тренинг

«Мамандық таңдау - маңызды қадам» тақырыбында психологиялық тренинг

38mektep
22.02.2022 в 00:52
183 просм.
Нет комментариев

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда 9-сынып оқушылармен мектеп психологы Н.Т.Мейркулова «Мамандық таңдау - маңызды қадам» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі табуы барысына психологиялық көмек көрсету.
Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, қоғамда алатын орны туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында ақпарттық дәріс және өзіне қолайлы мамандық таңдау бойынша ұсыныстар берілді. Кездесу барысында оқушыларға «Мамандықты қалай таңдасам екен?», «Мамандық таңдау: жұмысшы мамандықтарды дәріптеу» жобасы туралы видеороликтер көрсетілді, тұлғалық бейімділігі мен қабілетіне қарай таңдау мүмкіндіктері туралы қосымша мағлұматтар беріліп өтті.


                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

Автор: 38mektep · 22.02.2022
183
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT