Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б. Джакеновтың 2022 жылғы ақпандағы «Бұркасын-2022» қысқы фестивалі спорттық іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу туралы жоспар-тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 20 ақпан күні «Бұрқасын-2022» қысқы фестивалі өтті.
Фестиваль бағдарламасында шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, шайбалы хоккей, белбеу күресі, қысқы шағын футбол, арқан тартыс және мотоспорт секілді жарыстар өткізілді.
№38 мектеп-лицей оқушылары да дене шынықтыру пән мұғалімі Шаяқов Серік Казтаевичтың жетекшілігімен фестивальға қатысып, жарыстарда бақтарын сынады.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены