🎗Авторлық бағдарлама дегеніміз не?🎗
Өзіне сәйкес түрі жоқ оқыту бағдарламасы. Пән бойынша оқу курсы мазмұнына авторлық концепцияны басшылыққа алады.
Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу келесі іс - әрекеттерді қамтиды:
✅Рецензия алу.Ішкі,сыртқы рецензия. Ішкі рецензия - әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестікте талқылау.Сыртқы рецензия – ғылыми - әдістемелік ұйымдар, мамандардан алу.
✅Апробация – эксперимент түрінде танысу. Апробация нәтижесінде бағдарламаны жетілдіру үшін ұсыныс жасауға болады. Апробация қыркүйектен наурызға дейін өткені дұрыс. Мұғалім түзету енгізуге мүмкіндік алады.
✅Рецензия берілі, апробация жақсы нәтиже бергенде іске асады.
№⤵️
Оқу бағдарламасының құрылымы
✅Титул беті
Басқарушы ұйым атауы, мектеп атауы. Пән. Сыныптар. Құрастырушының аты – жөні. Бекітілуі жөнінде мәлімет. Қала. Жыл.
✅Түсініктеме
Пәннің мәні, ерекшелігі; осы сатыдағы оқушыларды оқытудың білімділік мақсат,,міндеттерін орындауға үлесі. Мақсатқа жетудің әдістемелік жүйесі, құралы. Әр сатыға байланысты мақсаты. Бағдарламаның өзектілігі, курстың негізгі идеялары, концепциясы. Оқыту реті қандай логикаға негізделген. Оқу жоспарының тағы қай пәндерімен логикалық байланысы бар. Шартты белгілерді түсіндіру.
✅Оқыту пәнінің мақсат – міндеті
Білім, әрекет әдісі,тәжірибе. Осы бағдарламаны меңгергенде қандай жеке адам қабілеттері қалыптасады.Пән мақсаты дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, тәжірибелік/ практикалық/ болып берілуі де мүмкін.
✅Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
Курсты аяқтағаннан кейін білім, компетенттілік деңгейі. Білім кешені, икем – дағды тізімі, оқушы шеше алатындай мәселелер тізімі.
✅Тақырыптық жоспар
Курс тақырыбы, оқытылу реті, оқыту формасы, сағат саны./толық курс және жеке тақырып/ Таблица түрінде беруге де болады.
✅Оқу курсының тақырып мазмұны
Тақырып. Сағат. Негізгі сұрақтар. Тәжірибелік,сарамандық жұмыстар, экскурсия т.б. Пәнаралық байланысты көрсету. Бақылау түрі,сұрақтары.
✅Тәжірибелік бөлім
Икем,дағдыны бекіту. Тәжірибелік,сарамандық жұмыстар, экскурсия т.б.
✅Оқу деңгейін бақылау
Қорытынды,жартыжылдық,тоқсандық, тақырыптық.. Бақылау жұмысы, тесті, сынақ,емтихан.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены