"Ауғанстан ардагерлеріне тағзым" тақырыбындағы сынып сағаты
Осыдан 33 жыл бұрын Кеңес бітімгерлік күштерінің соңғы сарбазы ауған жерін тастап шыққан болатын. Қазақстаннан бұл майданға 22 мыңнан астам жауынгер тартылды. Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейінде соғыс аймағында болып, "Әскери іс-әрекеттерде жауынгерлік ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталған Бекжан Құрманғазы Жамбылұлы дене-шынықтыру пән мұғалімі ретінде қызмет етіп, оқушыларға патриоттық тәрбие беруде өз үлесін қосуда.
147
0



