Биыл карантиндік шектеулерге байланысты білім ұяларында жаңа жылды тойлауға тыйым салынды.
Дегенмен, жыл сайын өткізілетін Президент шыршасы аясында балаларға берілетін сыйлықтар ұмыт қалмады. Мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен, ерекше білімді қажет ететін 2 оқушыға ҚР Президенті атынан құттықтау мен мерекелік сыйлықты мектеп директоры Магзумова Бакытгул Амангельдиевна өзі табыс етті. Балалар өлеңдер оқып, Аяз атадан тәтті алса, ата-аналары Президентке, мектеп әкімшілігіне алғыстарын жаудырды.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены