Меню KDT
қазақ тілі пәні бойынша мектеп оқушылары арасындағы олимпиада өткізілді


"М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" Тіл және әдебиет институтының ұйымдастыруымен өткен қазақ тілі пәні бойынша мектеп оқушылары арасындағы олимпиада өткізілді. Аталмыш додаға біздің мектебіміздің оқушылары да қатысып, өз білімдерін көрсете алды. Білім алушылар сынақтан сүрінбей өтіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап өтсек:
10 сынып оқушылары Жайлыбаева Диана І орын, Кабиденова Айнұр ІІ орын, Есеналды Нұржан ІІІ орынды қанжығаларына байлады. 11 сынып оқушылары Накиев Шамиль ІІ орынға ие болса, Кадырова Кымбат ІІІ орынды еншіледі. "Шәкірттің жеңісі - ұстаздың жемісі" демекші, жеңімпаз шәкірттерімізді дайындаған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Дарима Маратқызы мен Роза Қанатқызының еңбектері елеусіз қалмай, Алғыс хаттармен марапатталды.

 
 
 
 


Комментариев нет
190 просмотров
Автор: b146skobilim
Добавлено: 01.03.2022 в 09:35

Возможно вас заинтересует...!