Меню KDT
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба сайысы өтті


21-25 ақпан Шымкент қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба сайысы өтті. Аталмыш сайысқа С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 11-сынып оқушылары Ашимова Меруерт пен Жұмағұл Үміт тарих секциясы бойынша қатысып, жүлделі 3-орын алып қола медаль иегерлері атанды. Облыс намысын қорғап, гимназиямызды Республика деңгейінде танытып келген оқушыларымызды мақтан тұтамыз. Оқушыларды баптап дайындаған жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Амиржанова Сания Думанқызына шәкірттерінің жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!




Комментариев нет
163 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 25.02.2022 в 15:23

Возможно вас заинтересует...!