Меню KDT
Covid-19

Вакцина – өзіңізді және жақындарыңызды Covid-19 жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі. 


Бүкіл әлемді дүрбелеңге салған коронавирус инфекциясының адамзатқа тажал сеуіп, ауыр зардап шектіріп отырғаны мәлім. Сол инфекцияны жеңудің бірден - бір жолы - екпе алу. Вакцина – өзіңізді және жақындарыңызды Covid-19 жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі. Вакциналау көптеген инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында ертеден-ақ кең қолданылып келеді. 83 мектеп-гимназиясының ұжымы толықтай 100% короновирус инфекциясына қарсы екпе алды. Қазіргі таңда ұжымымыз 100% ревакцинация алуға аяқ басты. Осының барлығы келешек ұрпақтың қауіпсіздігі үшін екенін барлығымыз білеміз. Сондай-ақ ата-аналар мен жасөспірімдер арасында да өз еріктерімен вирусқа қарсы күресіп жатқандарда жеткілікті. Қазақ халқы әрқашанда ынтымақта өмір сүрген. #Әрқашанда біз біргеміз.

83 мектеп-гимназиясының бастапқы кәсіподақ ұйымының төрайымы Жырымбаева М. А.


Комментариев нет
557 просмотров
Автор: 83mektep
Добавлено: 25.02.2022 в 11:36

Возможно вас заинтересует...!