Меню KDT
комиссия отырысы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау


2022 жылғы 16 ақпанында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті, оның барысында орталық мектептерге құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлармен бірлесіп жұмысты жандандыруға ұсыныс берілді.

2022 жылдың 18 ақпанында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор М.Д. Кубитаева әлеуметтік педагог және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысуымен 5-6 сынып оқушылары үшін "Кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу", "Мектептің ішкі тәртіп ережелері мен жарғысын сақтау", сондай-ақ "Міңез-құлық нормалары туралы" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.

Барлығы 129 оқушы қатысты


Комментариев нет
294 просмотров
Автор: b0917skobilim
Добавлено: 17.02.2022 в 09:59

Возможно вас заинтересует...!