Меню KDT
«Үздік авторлық бағдарлама»


Ұстаз ізденіс пен қажырлы еңбектің нәтижесінде ғана діттеген биігіне қол жеткізеді. Өйткені мұғалім жауапкершілігінің салмағы зіл батпан. Оқушының пәнге деген ынта-ықыласын арттыру тек үздік ұстаздардың ғана еншісінде. Сондықтан түрлі деңгейдегі байқауларда бақ сынап, тәжірибе мен білімін толықтырып отырудан Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің мұғалімдері еш тартынбайды. Сөзімізге дәлел болсын, жақында облыстық білім басқармасы жанындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының мамандары ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына мектебіміздің математика мұғалімі Дулат Қадырминұлы мен психолог Маржан Қазесқызы қатысты. Өңіріміздің түкпір түкпірінен жиналған небір майталмандармен бақ сынасып, өз пәндерін оқытудың үздік тәжірибесін ұсынған ұстаздарымыздың авторлық бағдарламалары қазылардың назарына ілікті. Атап айтар болсақ, Дулат Қадырминұлы жүлделі екінші орынды иеленді, ал Маржан Исекова арнайы қатысушы сертификатына ие болды.
Возможно, это изображение (текст «- " здик вторлык агдарлама»)
 
 
 
 
 
 


Комментариев нет
208 просмотров
Автор: b146skobilim
Добавлено: 16.02.2022 в 17:53

Возможно вас заинтересует...!