Меню KDT
ҮМІТ АҚТАЛДЫ!!!


ҮМІТ АҚТАЛДЫ!!!
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Зерде» ғылыми жобалар байқауына өңіріміздің қаншама оқушысы қатысып, бақ сынайды. Биыл да бәсекелі додаға үміткерлер аз болған жоқ. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушысы Мадина Баяхметтің зерттеу жұмысының өзектілігіне назар аударған қазылар алқасы облыстық деңгейдегі додада үшінші орын алғанына қарамастан республикаға жолдама берді. Жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан балдырғанның жолын кеспей, белін буған білім саласы мамандарының үміті ақталғанына қуаныштымыз. Оларға айтар алғысымыз зор.
Мадина Ақмола облысының Бурабай сауықтыру лагерінде өткен жас ғалымдар байқауында “Түркі халықтары ертегілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары” тақырыбында жазылған жобасын сәтті қорғап, жүлделі екінші орынды иеленді. Оның ұстазы Айжан Байкенқызы - білім саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген тәжірибелі ұстаз. Хакім Абай айтып кеткендей, “Балаға жақсы мінез ең алдымен ата-анасынан және ұстазынан жұғады”. Мейрімді әрі талапшыл ұстаз бен оқушысының респубиканың түкпір-түкпірінен жиналған ізденімпаз жас үміткерлердің көшін бастағанына төбеміз көкке жеткендей қуанып отырмыз. Дарынды балалармен жұмыс жасап отырған әдістемелік орталықтың әдіскерлеріне алғысымыз шексіз!
 
 
 
 
 


Комментариев нет
214 просмотров
Автор: b146skobilim
Добавлено: 15.02.2022 в 16:05

Возможно вас заинтересует...!