9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңі
Бүгін 2022 жылдың 14 ақпанында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңі басталды.

Бүгін 2022 жылдың 14 ақпанында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңі басталды, ол 19 ақпанға дейін жалғасады. Бұл кезеңге 3500-ден астам оқушы қатысады.

Олимпиаданы өткізудің ашықтығы мақсатында аудиториялар бейнетрансляцияға қосылған. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау үшін біздің орталықтың әдіскерлері тірек мектептерге жіберілді.

Олимпиада қатысушыларына сәттілік пен табыс тілейміз.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 14.02.2022 в 12:52