Меню KDT
“Бір ел -бір кітап” акциясы


Бірнеше жылдан бері елімізде респубикалық “Бір ел -бір кітап” акциясы сәтті жүзеге асырылуда. Өскелең ұрпақтың әдебиетке ықыласын аудару және кітап оқушылар қатарын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын шараның аясында Ахмет Байтұрсыновтың әдеби мұрасы ұсынылған. “Кітап оқыған озар” деген тәмсілдің ақиқатына ақпараттық технология алға озған заманда анық көз жеткізе түстік. Қалай десек те, кітап ақылдың кені, білімді адамның бақыты үстем екені бәрімізге аян. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің кітапханашысы Айгүл Ахметжанқызы 9”Б” сынып оқушыларына “Бір ел - бір кітап” акциясына орай ағартушы ғалым, ұлт ұстазы, Алаш көсемі туралы терең мағлұмат беріп, арнайы дайындалған көрмемен таныстырды. Кітапхана оқырмандары Ахмет атамыздың өлеңдері мен мысалдары жинақталған кітабын үйге оқуға алды.
 
 
 
 
 
 
 
 


Комментариев нет
291 просмотров
Автор: b146skobilim
Добавлено: 11.02.2022 в 18:15

Возможно вас заинтересует...!