Меню KDT
“Түркі халықтары ертегілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары” тақырыбында жазылған жоба


Білім сынағы оқушыға ғана емес, ұстазға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Соңғы күндері салмағы зіл батпан байқаулардан Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі оқушыларының бағы жанып, жеңіс қоржыны жүлделі орындармен толығуда. Атап айтар болсақ, дәстүрлі "Зерде" байқауының республикалық кезеңінде Айжан Қапезованың оқушысы Мадина Баяхмет жүлделі ІІ орын иеленді. Қуанышымызды әлеуметтік желі оқырмандарына сүйіншілегіміз келеді. Мадина Ақмола облысының Бурабай сауықтыру лагерінде өткен жас ғалымдар байқауында “Түркі халықтары ертегілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары” тақырыбында жазылған жобасын қорғады. Оның ұстазы Айжан Байкенқызы білім саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген тәжірибелі ұстаз. Хакім Абай айтып кеткендей, “Балаға жақсы мінез ең алдымен ата-анасынан және ұстазынан жұғады”. Мейрімді әрі талапшыл ұстаз бен оқушысының респубиканың түкпір-түкпірінен жиналған ізденімпаз жас үміткерлердің көшін бастағанына төбеміз көкке жеткендей қуанып отырмыз!
 
Возможно, это изображение (человек, ребенок, стоит и в помещении)
 
 


Комментариев нет
289 просмотров
Автор: b146skobilim
Добавлено: 11.02.2022 в 10:13

Возможно вас заинтересует...!