Меню KDT
Адалдық дүкені


"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында гимназиямызда «Адалдық дүкені» ашылды. Жобаның басты мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру.
«Адалдық дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады. Яғни, сатушысы жоқ дүкенде затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында, яғни сатып алушылар өзіне тек адалдық принципі бойынша қызмет көрсетеді.
Мұндай жобаны жүзеге асыру оқушылардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр. Осылайша, бұл мекен оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады.


Комментариев нет
175 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 08.02.2022 в 14:11

Возможно вас заинтересует...!