Меню KDT
Тұңғыш Президент күні.

2021 жылдың 30 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп - гимназиясының 5-сынып оқушыларын мектептік бірыңғай “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.


“Жас Ұлан” ұйымы – Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған, өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтарға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелейтін бірегей ұйым. Салтанатты қабылдау шарасы барысында ұйымға қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді. Мектептің ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары жасұландықтарға арнайы галстук тақты. Салтанатты жиын соңында ұйымға қабылданған барлық оқушыларды мектеп әкімшілігі құттықтап, тек биіктерден көрінулеріне тілектестіктерін білдірді.

    

 

 




Комментариев нет
161 просмотров
Автор: 4mektep
Добавлено: 30.11.2021 в 09:31

Возможно вас заинтересует...!