Қазіргі заманғы цифрлық қоғам қызметтің барлық салаларына әсер ететін платформалар дамуы жоғары қарқынымен сипатталады. Алайда, білім беру жүйесі инновацияларға аса сезімтал болып табылады. Қазіргі уақытта білімді жаңарту қарқыны өте жоғары. Педагогтан білім алушыға білім, білік және дағдыларды қарапайым ауызша берудің орнына білім берудің ең басым міндеті оқушының оқу мақсаттары мен міндеттерін өз бетінше қою, оларды іске асыру жолдарын жобалау, оның жетістіктерін бақылау және бағалау, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу, осы негізде өз пікірін және бағасын қалыптастыру қабілетін дамыту болып табылады. Білім алушының дербестігін іргелі құзыреттілік ретінде тәрбиелеу қазіргі білім берудің басым міндеттерінің біріне айналды.
Білім беру қызметіне дәстүрлі оқу үрдісіне онлайн оқу платформаларын енгізу - білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін ашық, қолжетімді, үздіксіз, гуманистік оқыту жүйесін құруға бағытталған. Оның артықшылығы:
-жоғары динамизм;
-оқыту нысандарының алуан түрлілігі;
-интерактивті коммуникацияның болуы
Қазіргі әлемде онлайн оқу платформалары кеңінен таралуда. Әсіресе, бүгінгі таңда барлық білім беру ұйымдары онлайн оқу платформалардың көмегімен қашықтықтан білім беру қызметін ұйымдастыруға мәжбүр болды. Сондықтан әр мұғалім осы процеске тән компоненттер мен құралдарды игеруге және жүзеге асыруға қабілетті болуы қазіргі білім беру саласының бірден бір талаптарының бірі.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены