Меню KDT
Дебат

26-қаңтар күні №38 мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен дебаттан қалалық турнирге оқушыларды іріктеу мақсатында мектепішілік турнир өткізілді.
Дебат тақырыбы төмендегідей:
- БП пандемия жағдайында Қазақстан азаматтарын міндетті түрде вакцинациялау орынды деп санайды.
- БП ата-аналардың өз балаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек деп есептейді.
- БП адамдар бір-бірімен бәсекелесуге құлшынысы жоқ әлемді таңдайды.


Дебатқа 7-9 сыныптардан құралған командалар қатысты .
"Қыран" командасы : Ахметқали Әділет пен Әбдікәрім Инабат ;
"ТДК.49" командасы : Берден Мағжан мен Тиллабекова Жансая ;
"Асыл" командасы : Наурызбек Малика мен Жумаева Арайлым ;
Ойын тақырыптары қызу талқыға түсті. Нәтижесінде 1-орынды "Асыл" командасы жеңіп алса , ойын барысында бір-біріне дес бермей оза шапқан "Қыран" мен "ТДК. 49" командалары 2-орынды қанжығаларына байлады.
Жеңімпаз командаға алдағы қалалық турнирде сәттілік серік болсын !


Комментариев нет
390 просмотров
Автор: 38mektep
Добавлено: 27.01.2022 в 15:21

Возможно вас заинтересует...!