«Бастауышым - бастамам» атты бастауыш сынып апталығы өтуде
31.01.2022 - 7.02.2022 ж аралығында С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда «Бастауышым - бастамам» атты бастауыш сынып апталығы өтуде.
Бүгінгі күннің іс-шарасы "Ертегілер еліне саяхат" даярлық тобының тәрбиеленушілері мен ұстаздары бар ықыласпен сахналық қойылым ұйымдастырды.
Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.








168
0



