Меню KDT
“Кітап-жан азығы”

“Кітап-жан азығы”



  
“Кітап-жан азығы”, “Оқыған адам білімді, білімді адам ақылды” ,- деген халқымыздың өсиет сөздерінің тереңіне бойласақ, рухани азыққа бай адамның ғана басына бақ қонады. Осыны жақсы түсінген "әл-Фараби мектеп-лицейінің" директоры Күлімкөз Қайырбайқызы кітапхананы шәкірттердің көзін қызықтыратын заманауи үлгіде безендіріп, бүгін салтанатты түрде лентасын қиды. Кітапқұмар оқушылар бұған дейін бір төбе еді, енді тіпті көбейді деген үміттеміз. Кірген адам қайта шыққысы келмейтін руханият ордасындағы әдебиеттер қоры да жеткілікті. Қазақ тілді басылымдармен қатар шетел жазушыларының шығармалары да қаз-қатар тізіліп тұр. Іші кең әрі әдемі кітапханадан оқырман іздегенін қиналмай таба алады.


Комментариев нет
220 просмотров
Автор: b1416skobilim
Добавлено: 27.01.2022 в 12:21

Возможно вас заинтересует...!