Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспарына сәйкес, қаңтардың 17-сі күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сандуғаш Жұмабекқызы 10 «Ә» сыныбында қазақ әдебиеті сабағынан Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесі атты ашық сабақ өткізді. Сабақта қазіргі заманға сай әдіс-тәсілдер мақсатты түрде қолданылып, оқушылардың қызығушылығын оятатын АКТ арқылы әр-түрлі тапсырмалар берілді. Сабақ барысында оқушыларға өз елін сүю, намысқойлық, ұлттық құндылықтарды бағалау сияқты тәлім-тәрбие берілді.
https://www.instagram.com/p/CY3o03PtlWr/
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены