С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» тақырыбында ашық сабақ
«Жаса, жаса қазақ тілі» апталығы аясында қашықтықтан білім беру жүйесімен 19.01-і күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас ұстазы Ерқанат Қуанышбекұлының 6«Ә» сыныптарымен С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта қазіргі заманғы оқушыларға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру тәсілдерін қолданды. Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білеміз.
Қазіргі заман талабы оқушыларды бастауыш сыныптан бастап, ақпаратты коммуникативті технологиясын пайдаланудың тиімділігімен таныстыру керек. Ол үшін ұстаз компьютерлік технологияларды жетік меңгеруі керек.Әрбір мұғалім компьютерлік технологияларды пайдалану үрдісін тұтас қарастыруға үйреніп, сан-алуан байланыстарды, бәлкім, сәтсіздіктің және т.б.себептерін ашуға ұмтылады.
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 21.01.2022 в 17:07