24.01.-28.01.2022 аралығында мектебімізде "Welcome to the world of English" атты ағылшын тілі апталығы өтуде. Апталықтың мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, еркін сөйлеуге дағдыландыру, өз ана тілімен қатар ағылшын тілін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Бүгін, яғни 24.01.2022 ж. апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Бұл жерде оқушыларға ағылшын тілінде сұрақтар дайындалып, сұраққа жауап берген оқушы тәтті сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта жоспар бойынша іс-шаралар өткізіледі.
https://www.instagram.com/p/CZHDFpIN5ya/
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены