2022 жылғы 21 қаңтарда білім басқармасының басшысы Н.А. Жашибековтың қатысуымен физика мұғалімдері қауымдастығының дөңгелек үстелі онлайн-форматта өтті.
2022 жылғы 21 қаңтарда Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Н.А. Жашибековтың қатысуымен «Педагогикалық қоғамдастық - оқыту сапасының факторы» атты физика мұғалімдері қауымдастығының дөңгелек үстелін онлайн-форматта өткізді.

Іс-шараға облыстық физика мұғалімдері қауымдастығының мүшелері, білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, физика әдіскерлері мен мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында физиканы оқытудың өзекті мәселелері қозғалды, спикерлер халықаралық зерттеулерге дайындық, білімдегі олқылықтардың орнын толтыру және оқушылардың білім сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Дөңгелек үстел соңында білім басқармасының басшысы физика мұғалімдері қауымдастығының алдына міндеттер қойды:
- Мұғалімдердің кәсіби өсуін арттыру және жаңа педагогикалық технологиялармен алмасу үшін физика мұғалімдерінің аудандық, қалалық әдістемелік бірлестігінің жұмысын жандандыру.
- Халықаралық зерттеулерге дайындық тетіктерін әзірлеу.
- Техникалық мамандықтарға сұраныстың артуына байланысты физиканы оқыту сапасына ерекше назар аудару қажет.
- Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 21.01.2022 в 16:25