Үшінші тоқсанның алғаш күндерінен мектебімізде «Жаса, жаса қазақ тілі!» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы басталып кетті. Апталықтың мақсаты: оқушыларды қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету. Аптаның бірінші күні мектебіміздің 1-11 –сыныптарына арналған апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Онда мектеп директоры- С.Н. Тұрсынова оқушылар мен ұстаздарды айтулы мерекемен құттықтап, апталықтың сәтті, мазмұнды өтуіне тілек білдірді. Оқушылар тіл туралы өлеңдерін оқып, сахналық көрініс қойды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ерқанат Қуанышбекұлы әуелете ән шырқап, апталықтың жоспарымен таныстырды.
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 20.01.2022 в 11:36