Меню KDT
«Жаса, жаса, қазақ тілі!»


18.01 күні мектебімізде «Жаса, жаса, қазақ тілі!» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.А. Елубай ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында "Білім-дода" зияткерлік сайысы өткізілді. Сайысқа 5 «А» сыныбының «Тұлпар», 5 «Ә» сыныбының «Сұңқар», 5 «Б» сыныбының «Шаңырақ» топтары қатысты. Сайыс «Бәйге»,«Қазақ тіліне тән дыбыстар», “Ұшқыр ой”, «Көп сөз - бір мағына» атты төрт бөлімнен тұрды. Қатысушылар өздерінің алған білімдерін ортаға салып, қызығушылықпен атсалысты.
Сайыс қорытындысы бойынша І-орынды 5 "А" сыныбының "Тұлпар" тобы, ІІ-орынды 5 «Ә» сыныбының «Сұңқар» тобы , ІІІ-орынды 5 «Б» сыныбының «Шаңырақ» тобы иеленді. Жеңімпаздар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/CY6cegOtXiO/


Комментариев нет
271 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 20.01.2022 в 11:29

Возможно вас заинтересует...!