Меню KDT
Президент Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев


Президент Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев 7 қаңтарда елімізде орын алған тәртіпсіздіктер мен лаңкестік оқиғаларға байланысты қазақ халқына үндеу жасады. Осынау дербестігімізге қауіп төнген сын сағатта батыл әрі дұрыс қадамдар елеміздің егемендігін сақтап қалды.
Өз халқының бостандығы мен ел тәуелсіздігін сақтау жолында көрегендікпен тиімді шешімдер қабылдай білді. Еліміздегі қайғылы жағдай демократия мен адам құқығы мәселелерінің жаңа қырын ашып көрсетті.
Демократия дегеніміз – жүгенсіздік емес, әсіресе блогосферада заңға қайшы әрекет ететін арандатушылық, азаматтардың бостандығы мен адам құқығын шектеу деген сөз емес. Керісінше, Алматыдағы және Қазақстанның өзге де қалаларындағы қайғылы жағдай заңның сақталмауы, шектен шыққандық және анархия адам құқығының бұзылуына әкеп соқтыратынын көрсетті.
Алматыда содыр-лаңкестердің қолынан әкімшілік ғимараттар ғана емес, бейбіт тұрғындар да жапа шекті. Сондай-ақ жүздеген бейбіт тұрғын мен әскери қызметшінің денсаулығы мен өміріне қатер төнді.
2022 жылғы 10 қаңтар Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Террористерге қарсы күрес жүргізілуде. Президенттің елде төтенше жағдай жариялауы, біріншіден, халықтың жағдайын, тұрмысын ойлағаны, екіншіден, лаңкестерді тез арада ұстауына себеп болады деп ойлаймын. Оңтайлы шешімдері мен құқық қорғаушылар, әскери қызметшілердің жұмыла жасаған жұмыстың арқасында барлық өңірлерде ахуалдың тұрақтанғаны, жағдайдың бақылауға алынғаны және құқық қорғау органдары әкімшілік ғимараттардың бәрі лаңкестерден тазартылғаны туралы айтылуда. Осындай ел басына күн туған кезде қазақ халқы басшымен бірге болып оны қолдаса, тәуелсіздігімізге, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, бірлік ынтымағымызға ешбір жау, лаңкестер нұқсан келтіре алмайды.
Қастерлі Отанымыз – Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналады, экономикамыз анағұрлым қарқынды дамиды, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы жақсара түседі деп Президент атап өтті.
Бүлік болған ең қиын сәтте халықпен бірге болып, шұғыл түрде дұрыс шешімдер қабылдағаны үшін ризашылығымызды білдіреміз, біз Президентпен біргеміз!
Мұқанова К. А.
С.Шаймерденов атындағы
қалалық классикалық гимназия директоры


Комментариев нет
180 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 10.01.2022 в 16:02

Возможно вас заинтересует...!