Меню KDT
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халыққа Үндеуіне ПІКІР


 
Еліміздегі болып жатқан жағдай қазақ халқына тән қасиет емес, иә тарихта белгілі оқиғаларда қазақ халқы өзінің ішкі саяси ахуалын қазақи даналықпен шебер шеше білген. Сондықтан қазіргі кездегі де саяси ахуалды дипломатиялық түрде шешуге болады.Бүгінде Президентіміздің дер кезінде қабылданып жатқан шешімдері дұрыс бағытпен халықтың сеніміне жол тауып, нәтижесін беруде. Өкінішке орай, демократиялық көріністер халық арасында дұрыс көрініс таппауының әсерінен қақтығыстар мен заңсыздықтар орын алуда. Бейбіт шерулерді қитұрқы, заңсыз іс-әрекеттер жасауға пайдаланушы арнайы топтар, ашығын айтқанда лаңкестер арандатушылықпен айналысуда. Мемлекет басшысы жедел түрде халық үшін маңызды және нақты қадамдарды жасауда. Сол себепті Президенттің негізгі бастамасы ретінде берілген 10 тапсырмасын ел болып жүзеге асыру әрбір азамат үшін үлкен міндет. Барлық өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдай бақылауға алынып, төтенше жағдай жарияланып, негізгі жұмыс жүйелі түрде халыққа ресми хабарландыруда, жағдай тұрақты. Дегенмен, еліміздің кейбір қалаларында бейбіт күнде Ата заңымызды белінен басып, заңсыздықтарға жақын болып тұрған топтар халыққа үрей тудыруда. Иә, демократиялық жолмен диалог құрып, мемлекет пен халық арасындағы көпірді нығайтқан дұрыс бастамалар, шешілген келісімдер бар, бірақ лаңкестік топтармен келісімге келу  мүмкін емес екендігін лаңкестік топтар қарапайым халыққа адами және материалдық шығын келтіріп, өздері дәлелдеп отырған жоқ па?... Сондықтан да ақ пен қараны ажыратып, барша халық болып, бірлігіміз бен біртұтастығымызды сақтап, өзара түсіністік танытуымыз абзал. Арандатушылыққа бой алдырмай, ел тыныштығын бұзатын әрекеттерге бармай, уақытша қиындықтарға төтеп беру әр қазақстандық үшін маңызды міндет екендігін ұмытпағанымыз жөн.
            Қазақ даналығында «елге күн туғанда жұрт жұмылады» демекші, қазір біздің міндет барынша түсіністік таныту, мызғымас тұтастығымызды барынша сақтау. Уақытша қиындықтарға төтеп беруде, ел Президентінің негізгі әрекеттері халық игілігіне бағытталған деген ойдамын. Саяси және экономикалық дағдарыстан шығудың нақты бағдарламалар арқылы оңтайландыруды халыққа мәлімдеді. Себебі, халықтың қауіпсіздігі ең бірінші орында. Қоғамдық тұрақтылық аса маңызды. Бірлігі жарасқан ел үшін жасап жатқан нақты қадамдар деген сенімдемін. Президентіміздің бұл қадамдарын қолдаймын.
Тарих сахнасында әрбір елдерде сын сағаттар сынағы көрініс тапты, оның ең алғашқы қадамы халық бірлігі мен тұтастығы екендігі аян. Қазақстан тарихы үшін де бұл оқиға үлкен сын. Ата заңымызға құрмет танытып, саяси сауатты халық екендігімізді дәлелдеуіміз қажет. Қастерлі Қазақстанымыздың қасиеттілігі - бір шаңырақ астында топтасқан халықтың біртұтастығы. Аталмыш тұтастығымыз  мызғымас, уақытша сын оны сындыра алмас.




Комментариев нет
195 просмотров
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 10.01.2022 в 09:00

Возможно вас заинтересует...!