Меню KDT
10 қаңтар, яғни дүйсенбі – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні


10 қаңтар, яғни дүйсенбі – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні. Осы уақытта лаңкестердің қолынан қарапайым қазақстандықтар да, құқық қорғау қызметкерлері де қаза тапты. Олардың нақты саны әлі белгісіз. Тәртіп бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктердің, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Ойын-сауықтық шаралар мен осы мазмұндағы телебағдарламалар тоқтатылады. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері Қазақстанда аза тұту күні осымен 11-ші рет жарияланып отыр. Ал бұл қазақстандықтар үшін соңғы екі жылдағы төртінші қаралы күн.

Источник: https://khabar.kz/kk/news/kogam/item/137851-10-kantar-zhalpyulttyk-aza-tutu-kuni


Комментариев нет
208 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 09.01.2022 в 12:47

Возможно вас заинтересует...!