«Оқуға құштар мектеп»
Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында электронды дәуірдегі дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөліне тоқталып, мектеп кітапханаларындағы кітап қорына жаңартулар мен толықтырулар енгізудің аса маңызды екенін атап айтқан еді. Осыған орай, №25 жалпы білім беретін орта мектебінің кітапханасын қайта жаңғырту мен оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатындағы республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы өз жұмысын бастады. Бұл жобаны іске асыру мақсатында көркем әдебиетті оқуды ілгерілетуге, оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзіе кенін түсінесің. Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Жоспар бойынша жыл басынан бері айтулы даталар мен ақын, жазушылар және де басқада мемлекет қайраткерлері үшін түрлі тақырыптарда көрмелер ұйымдастырылып, кітапханалық іс-шаралар өткізіліп тұрды. Өткен оқу жылының 3-4 тоқсанында Әлихан Бөкейхановтың, Жамбыл Жабаевтың мерейтойларына арналған танымдық сағаттар өткізіліп, бейнепрезентациялар жасалды. Кітап оқудың пайдасы туралы бейнебаян әлеуметтік желілерде жарияланды. "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру барысында мектебімізде Read бұрышы қарастырылып, күнделікті 7-11 сынып оқушылары арасында 20 минут көлемінде оқу сағаттары ұйымдастырылып отыр.
244
0



